Біз әрбір оқушы өз жетістігін көріп, нені еңсергенін түсініп, келесі қадамдарын жоспарлай алса дейміз.
Student-Led Conference (SLC) – 5–9 сынып оқушылары қатысатын формат, ол келесілерге мүмкіндік береді:
- мақсат қою мен нәтижелерді талдау,
- рефлексия жасап, өз оқуына жауапкершілік алу,
- Мектеп, Оқушы және Ата-ана арасындағы серіктестікті қалыптастыру.
Бала өз жолын түсінуге, ой елегінен өткізуге, өзін қабылдауға, мақсаттарын нақты тұжырымдап, соларға ұмтылуға үйренеді.
Ересектердің қолдауы оған өзіне сенімді болуға, өз тәжірибесінің маңыздылығын сезінуге және жеке дамуының шынайы құндылығын ұғынуға көмектеседі.