«Жаңа мүмкіндік» жануарлар панасына арналған қайырымдылық жинағы туралы есеп
Желтоқсан 2025
2025 жылғы 23 желтоқсанда мектепте жаңа жылдық қайырымдылық WUNDER жәрмеңкесі өтті. Оқушылар ата-аналарымен бірге сауда орындарын, қолөнер бұйымдарын және дәмді тағамдар дайындады, ал жиналған барлық қаражат «Жаңа мүмкіндік» жануарлар панасына көмек көрсетуге бағытталды.
Ортақ күш-жігердің арқасында 633 500 теңге жиналды. Бастаманы қолдаған баршаңызға — дайындық кезеңінде, жәрмеңке барысында және одан кейін де — алғысымызды білдіреміз. Қаражаттың жұмсалуы туралы есеппен танысыңыз.