Бізге WhatsApp арқылы жазыңыз!
Сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

WUNDER academy жекеменшік мектебіндегі өмір сүру ережелері

WUNDER academy жекеменшік мектебіндегі өмір сүру ережелері

1. Қабылданған тәртіп ережелері:
1.1. Сабаққа кешікпей келу.
1.2. Сыныптастарға, педагогтерге, мектеп қызметкерлеріне және ата-аналарға достық ниетпен әрі құрметпен қарау.
1.3. Педагогтердің талаптарын орындау.
1.4. Мектеп ішінде сырт киімді шешіп, ауыстыратын аяқ киім кию.*
1.5. Дәліздерде, сыныптарда, баспалдақтарда және мектептің басқа да аумақтарында асықпай, тыныш жүру.
1.6. Мектепке және мектеп қауымдастығына пайдалы болу.
*Медбикенің шешімі бойынша жылы әрі құрғақ ауа райында ауыстыратын аяқ киімсіз жүруге рұқсат етіледі.

2. Жол берілмейді:
2.1. Басқа оқушылар мен ересектерді қорлауға.
2.2. Физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсетуге.
2.3. Балағат сөздер қолдануға.
2.4. Мектептің және басқа адамдардың мүлкін бүлдіруге.
2.5. Өзгенің заттарын иесінің рұқсатынсыз алуға.
2.6. Сабақ барысында қарастырылмаған жағдайда мектепте ұялы телефондарды, электрондық ойындарды және смарт-сағаттарды пайдалануға.
2.7. Іші мен иығы ашық, жыртық, ұқыпсыз немесе үй киімімен келуге.
2.8. Асханадан тыс жерде тамақтануға.
2.9. Темекі шегуге, алкогольдік ішімдіктер мен тыйым салынған заттарды мектепке әкелуге және тұтынуға.
2.10. Мектепке қару немесе қаруға ұқсас бұйымдарды, оның ішінде ойыншық қаруларды әкелуге.

3. Осы Ережелер сақталмаған жағдайда, Мектеп төмендегі тәртіптік шараларды қолдану құқығын өзіне қалдырады:
3.1. Жазбаша ескерту.
3.2. Сабақтан шеттету.
3.3. Шартты бұзу.

Мектепте гаджеттерді пайдалану: қағидалар мен ұстанымдар

Мектеп — мессенджерлерден, онлайн ойындардан және үздіксіз скроллингтен еркін аймақ. Мектепте кез келген гаджеттерді пайдалануға қатысты нақты ережелер қолданылады. Барлық гаджеттер оқушылар кіреберісте тапсырылады. Планшеттер тек білім беру мақсатында қолданылады және техника оқу үдерісіне кедергі емес, нақты көмек болуын қадағалаймыз.
Мектепте біз оқушыларға ережелерді үнемі еске салып отырамыз — олар әр кабинетте ілінген және біз оларды бірге талқылаймыз.
Сондай-ақ ата-аналардан осы ережелерді үйде де талқылап, қолдау көрсетулерін сұраймыз — мектептегі өмір қағидалары мен планшет және телефон қолдану ережелерін бірге қарастыру маңызды.
Бала мектепте де, үйде де бірдей бағдарларды естіген кезде, оларды түсінуі, қабылдауы және сақтауы әлдеқайда жеңіл болады.
Қолдауларыңыз бен серіктестіктеріңіз үшін ата-аналарға алғыс айтамыз!

WUNDER academy мектебінде ПЛАНШЕТТЕР МЕН ТЕЛЕФОНДАРДЫ пайдалану ЕРЕЖЕЛЕРІ

1. Оқушылар мектепке кірген кезде телефондарын әкімшіге тапсырады. Құрылғылар арнайы бөлінген жерде сақталып, оқу күнінің соңында оқушыларға қайтарылады. Ата-аналарымен байланысу қажет болған жағдайда оқушы ресепшндегі телефонды пайдалана алады.
2. Мектепте планшеттер кәдімгі оқулықтардың орнына қолданылады. Біз оларды оқу тапсырмаларын орындау және білім беру платформаларымен жұмыс істеу үшін пайдаланамыз.
3. Планшет оқушының жеке құрылғысы болып табылады және оған иесінің аты-жөні жазылуы тиіс. Оқушы планшеттің жай-күйіне және оның дұрыс пайдаланылуына жауапты. Планшеттен ақау анықталған жағдайда оқушы IT маманына жүгінеді, ал жоғалған жағдайда бұл туралы кураторға хабарлайды.
4. Планшеттерге өз бетінше қосымшалар орнатуға немесе операциялық жүйеге өзгерістер енгізуге тыйым салынады. Құрылғының баптауларын өзгертуге немесе қосымшалар орнатуға тек мектептің IT маманына рұқсат етіледі.
5. Оқу күні басталғанға дейін құрылғының қуаты толық зарядталған болуы тиіс. Планшетті уақтылы зарядтау үшін оқушының өзі жауап береді.
6. Сабақ кезінде планшетті тек мұғалімнің рұқсатымен және тек сабақ тақырыбы бойынша жұмыс істеу үшін пайдалануға болады.
7. Мұғалімнің рұқсатынсыз планшетті басқа оқушыларға беруге тыйым салынады.
8. Оқушылар мен мектеп қызметкерлерін олардың келісімінсіз фотоға, бейнеге және аудиоға түсіруге немесе жазуға тыйым салынады.
9. Осы ережелердің кез келгені бұзылған жағдайда құрылғы уақытша алынып, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарына беріледі.
10. Ережелер жүйелі түрде бұзылған жағдайда мектеп ата-аналармен кездесу өткізеді және білім беру туралы шартты біржақты тәртіппен бұзу мәселесін қарастыруға құқылы.

Сапар кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері

Сапар баршаға қауіпсіз әрі жайлы болуы үшін автобустарда мынадай ережелер қолданылады:
  1. Оқушыға бекітілген орынды иелену.
  2. Қауіпсіздік белдігін тағу және бүкіл сапар бойы тағулы күйде отыру.
  3. Автобус жүріп келе жатқанда өз орныңда отыру. Тек автобус толық тоқтағаннан кейін ғана орныңнан тұруға болады.
  4. Салонда тыныш ахуалды сақтау: бәсең дауыспен сөйлесу және телефонды қатты дыбыссыз немесе құлаққаппен пайдалану.
  5. Автобуста тазалық сақтау және салонда жеке заттарды қалдырмау.
  6. Тазалық пен тәртіпті сақтау үшін сапар кезінде тамақ ішпеу.
  7. Егер оқушының аялдамасы өзгерсе, ата-аналар бұл туралы жүргізушіге алдын ала хабарлауы тиіс.
Зейін қойып, бір-біріне құрметпен қарағандарыңыз үшін рақмет.
Баршаңызға жағымды әрі қауіпсіз жол тілейміз!
WhatsApp-қа жазыңыз Telegram-ға жазыңыз

Oqý quny

Oku bag’darlamasy

Tamaqtaný

Tasymaldaý

Úıirmeler jáne qosymsha sabaqtar

Vırtýaldy mektep týry

Jumys rejımi

Mektep formasy

Mektep dástúrleri

Oqytý tili

Minez-qulyq erejeleri

Janjaldy jaǵdaılardy sheshý

Буллингке қарсы бағдарлама

Mektep demalysynyń kúntizbesi

Mektep dárigeri jáne medısınalyq kabınet

Qaýipsizdik jáne qaýipsizdik

5–9 сыныптарда планшеттерді пайдалану

Google Workspace for Education

Оқу құрал-жабдықтарының тізімі

Пікірлер

Бізбен байланысыңыз
Экскурсияға келіңіз!
Біз сізге бәрін қуана көрсетеміз!
Біз сайттың қолайлылығы сізге ұнауы үшін cookie файлдарын қолданамыз.
Жарайды
© Барлық құқықтар қорғалған

KZ/RU
© Барлық құқықтар қорғалған

KZ/RU