Тау шаңғысы беткейлері қалай дайындалады, жасанды қар қайдан пайда болады және тау құтқарушылары немен айналысады? WUNDER academy-дің 3-сынып оқушылары осы сұрақтардың жауабын Oi-Qaragai курортына экскурсия барысында білді.
Балалар тау инфрақұрылымы қызметінің жұмысымен танысып, ратрактар мен қар зеңбіректерін көрді, арнайы техниканың шаңғы трассаларын дайындауға қалай көмектесетінін білді. Сонымен қатар ратрактың ішіне кіріп, техниканы жақыннан тамашалауға мүмкіндік алды.
Одан кейін оқушылар аспалы жолмен 1820 метр биіктікке көтеріліп, тау құтқарушыларымен кездесті. Мамандар балаларға өз жұмыстары, курорттағы қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететіні және тауда адамдарға қалай көмектесетіні туралы айтып берді.
Экскурсиядан кейін балалар сапар тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындап, табиғат аясында пикник ұйымдастырды.
ФОТОЛАРДЫ ҚАРАҢЫЗ