Бізге WhatsApp арқылы жазыңыз!
Сұрақтарыңызға қуана жауап береміз

Mektep dástúrleri

2026-2027
оқу жылындағы мектеп іс-шаралары

Алматыдағы жекеменшік мектеп
WhatsApp-қа жазыңыз Telegram-ға жазыңыз
Алматы қаласы прокуратурасының өкілімен кездесу
Қыркүйек 2026
WUNDER academy мектебіне Алматы қаласы прокуратурасының өкілі қонаққа келді. Ол 5–9-сынып оқушыларымен кездесіп, жасөспірімдер мектепте, интернетте және күнделікті өмірде тап болуы мүмкін жағдайлар туралы әңгімелесті.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар қандай құқық бұзушылықтар жасайтыны және Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін қандай жауапкершілік қарастырылғаны талқыланды. Буллингпен киберқауіпсіздік, әлеуметтік желілердегі мінез-құлық және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері жеке талқыланды..
Біз үшін оқушылардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі және өз әрекеттерінің салдарын түсінуі маңызды. Сондықтан мұндай тақырыптарды балалармен нақты өмірлік жағдайлар негізінде талқылап, олардың сұрақтарына кәсіби тәжірибесі тұрғысынан жауап бере алатын мамандарды шақырамыз.

ФОТОЛАРДЫ ҚАРАҢЫЗ
Жоспарлы сейсмикалық жаттығу
Қыркүйек 2026
Сабақ кезінде жер сілкінісі болса, не істеу керек? Қайда бару керек, ғимараттан қалай шығу және эвакуациядан кейін қай жерде жиналу қажет? Бұл әрекеттерді алдын ала білу маңызды.
WUNDER academy-де жоспарлы сейсмикалық жаттығу өтті. Дабыл берілгеннен кейін оқушылар педагогтермен бірге іс-қимыл алгоритмін толық пысықтады: белгіленген бағыт бойынша ұйымдасқан түрде ғимараттан шығып, қауіпсіз аймаққа жиналды.
Мұндай жаттығулар кезінде балалар нұсқауларды тыңдауды, тәртіп сақтауды, ғимаратта кідірмеуді және сыныппен бірге әрекет етуді үйренеді.
Біз әр оқушы іс-қимыл ретін түсініп, төтенше жағдайда не істеу керектігін білуі үшін қауіпсіздік ережелерін тәжірибе жүзінде жүйелі түрде пысықтаймыз.

ФОТОЛАРДЫ ҚАРАҢЫЗ
Мұғалімдер күні және өзін-өзі басқару күні
Қазан 2026
Жыл сайын Мұғалімдер күні WUNDER academy-де өзін-өзі басқару күні өтеді.
Бұл күні сабақтарды балалардың өздері жүргізеді.
Оқушылар алдын ала пән мен сыныпты таңдап, педагогтермен бірге дайындалады, сабақтың теориялық және практикалық бөлігін ойластырып, оған өз идеяларын қосады. Сабақ өткізгісі келетіндер әрдайым көп, ал биыл олардың саны ерекше көп болды.
Оқушылар үшін бұл — өзін жаңа рөлде сынап көруге, пәнді тереңірек түсінуге және тұтас бір сабақты өткізу жауапкершілігін сезінуге мүмкіндік. Сонымен қатар әртүрлі сыныптардың балалары бір-бірін жақынырақ танып, бір-бірінен үйренеді және мұғалім болудың қандай екенін іс жүзінде сезінеді.
Сабақтардан кейін барлығын Мұғалімдер күніне арналған концерт күтеді. Осылайша бір мектеп дәстүрі балалар мен педагогтерді біріктіріп, WUNDER academy-де сенім, дербестік пен қолдаудың қалай жүзеге асатынын айқын көрсетеді.

ФОТОЛАРДЫ ҚАРАҢЫЗ
Футболдан турнир
Қазан 2026
WUNDER academy-де «Футбол» үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында турнир өтті. Алаңда 2–8-сынып оқушыларынан құралған аралас командалар кездесті.
Бір командада әртүрлі жастағы балалар ойнады. Оларға өзара келісу, рөлдерді бөлісу, бір-бірін қолдау және нәтижеге бірге ұмтылу қажет болды..
Турнирде жас ерекшелігі екінші орынға ығысып, басты назар команда мен ойынға аударылды. Балалар жаттығуларда үйренгендерін іс жүзінде қолдана алды: доппен жұмыс істеу, алаңдағы командаластарын көре білу, жылдам шешім қабылдау және бір-бірін қолдау.
Әрине, жеңіске жетуді бәрі қалады. Бірақ финалдық ысқырықтан кейін біз қайтадан біртұтас мектеппіз.

WUNDER academy-дің білім беру бағдарламасы

ФОТОЛАРДЫ ҚАРАҢЫЗ
«Кенгуру» халықаралық математикалық байқауы
Қазан 2026
Қазан айында WUNDER academy оқушылары «Кенгуру» халықаралық математикалық байқауына қатысып, өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және стандартты емес есептерді шешу дағдыларын сынап көрді.
Байқаудан кейін мектебімізде шағын марапаттау рәсімін ұйымдастырдық. Балалар дипломдар алып, мұғалімдері мен сыныптастарының лайықты құттықтауларына ие болды.
Біз балалардың математикалық байқаулар мен олимпиадаларға қатысуын қолдаймыз. Өйткені бұл — үйреншікті сабақтардан тыс өз күшін сынауға, жаңа міндеттерді шешуді үйренуге және дайындықтарының нәтижесін көруге тамаша мүмкіндік.
Оқушыларымызды мақтан тұтамыз және әрбір қатысушыны шын жүректен құттықтаймыз!

WUNDER academy-дің білім беру бағдарламасы

ФОТОЛАРДЫ ҚАРАҢЫЗ
«Қолшатыр күні» пәнаралық жобасы
Қазан 2026
Қолшатыр, медуза, жаңбыр бұлттары, математикалық бөлшектер мен «Qolshatyr» әнінің арасында қандай байланыс бар? Оқушыларымыз осы сұрақтарға жауапты «Қолшатыр күні» пәнаралық жобасы барысында іздеді!
Бұл күні бір тақырып математика, биология, география, қазақ тілі, шығармашылық және дене шынықтыру пәндерін біріктірді. Бастауыш сынып оқушылары «Көңіл күй қолшатырын» жасады, 2–4-сынып оқушылары «Білім қолшатырын» құрастырды, ал жоғары сынып оқушылары сөздің шығу тегін, қолшатырдың құрылысын зерттеп, өздерін құрастырушы рөлінде сынап көрді.
Ең қызықты іс-шаралардың бірі STEAM-челлендж болды. Қатысушыларға қолда бар материалдардан 7 минут ішінде қолшатыр жасау тапсырылды. Ол үшін құрылымын ойластырып, міндеттерді бөлісіп, бұйымды белгіленген уақыт ішінде құрастырып үлгеру қажет болды. Жеңімпаздар пән мұғалімдерінен сыйлықтар алды.
WUNDER academy жекеменшік мектебінде пәнаралық жобалар білім беру бағдарламамыздың бір бөлігі болып табылады. Біз балаларды әртүрлі пәндер арасындағы байланысты байқауға және алған білімдерін бір практикалық тапсырманы орындау барысында қолдануға үйретеміз. Мысалы, қолшатыр жасау кезінде оқушыларға математикалық есептеулер, материалдардың қасиеттерін түсіну, инженерлік ойлау және командада жұмыс істеу дағдылары қажет болды.
Осылайша біз балаларға әртүрлі мектеп пәндерінен алған білімнің не үшін қажет екенін және оның өз идеяларын жүзеге асыруға қалай көмектесетінін көрсетеміз.

WUNDER academy-дің білім беру бағдарламасы

ФОТОЛАРДЫ ҚАРАҢЫЗ
Wunder Mafia ойынын өткізу
Қазан 2026
WUNDER academy мектебінің 7-сынып оқушылары 4–8-сынып оқушыларына арналған Wunder Mafia ойынын ұйымдастырды. Олар ойын өткізу бастамасын өздері көтеріп, дайындықты мойындарына алып, әртүрлі жастағы оқушыларға арналған іс-шара өткізді.
Ойын барысында қатысушылар бір-бірін мұқият тыңдап, ұсақ-түйекке мән беріп, өз пікірлерін дәлелдеп, көзқарастарын қорғауға тиіс болды. Сонымен қатар ақпарат жеткіліксіз болғанда және кімге сенуге болатыны әрдайым түсінікті бола бермегенде шешім қабылдауға тура келді.
WUNDER academy мектебінде біз оқушылардың бастамаларын қолдаймыз және оларға өз жобалары үшін жауапкершілік алуды, өзара келісуді және бастаған ісін нәтижеге дейін жеткізуді үйретеміз.

WUNDER academy-дің білім беру бағдарламасы
5–8 сыныптардағы SLC (оқушы жетекшілік ететін конференция)
Қазан 2026
WUNDER academy мектебінде 5–8 сынып оқушыларына арналған SLC (Student-Led Conference) кездесуінің бірінші кезеңі өтті. Бұл кездесулерде бала ата-анасы мен мұғалімдерге өзінің жетістіктері, жоспарлары және оқу жылына қойған мақсаттары туралы өзі әңгімелейді.
Оқушылар алдын ала презентациялар дайындап, өздерінің нені жақсы меңгергенін, қандай дағдыларын дамытқысы келетінін және әлі де немен жұмыс істеу керектігін ой елегінен өткізді. Кездесулер барысында олар өздері туралы ашық айтуға, шешімдерін түсіндіруге және ересектердің кері байланысын тыңдауға үйренді.
SLC кездесулері оқушы, мұғалім және ата-ананың ынтымақтастығы форматында өтеді. Мұнда баланың өзін тыңдау, оның қызығушылықтарын түсіну және алдағы қадамдарды бірге талқылау маңызды.
Мұндай кездесулер біздің кәсіптік бағдар беру бағдарламамыздың бір бөлігі болып табылады. Біз балаларды мақсат қоюға, өз мүмкіндіктерін бағалауға және өз дамуы үшін жауапкершілікті біртіндеп өз мойнына алуға үйретеміз.

WUNDER academy-дің білім беру бағдарламасы

ФОТОЛАРДЫ ҚАРАҢЫЗ
Биылғы оқу жылындағы алғашқы WUNDER жәрмеңкесін өткіздік.
Жәрмеңкенің басты ережесі — барлық өнімді оқушылардың өз қолымен жасауы. Балалар сатып алушыларға не ұсынатынын ойластырып, материалдардың құнын есептейді және шығын мен түсімнің айырмашылығын түсінуді үйренеді.
WUNDER academy мектебінде біз балаларды кәсіпкерлік негіздеріне тәжірибе арқылы үйретеміз. Жәрмеңкеге дайындық және оны өткізу барысында олар міндеттерді бөліседі, бір-бірімен келіседі, сатып алушылармен қарым-қатынас жасайды және нәтижеге бірге жауап береді.

WUNDER academy-дің білім беру бағдарламасы

ФОТОЛАРДЫ ҚАРАҢЫЗ
Толығырақ
Толығырақ
Толығырақ
Бізбен байланысыңыз
Экскурсияға келіңіз!
Біз сізге бәрін қуана көрсетеміз!
Біз сайттың қолайлылығы сізге ұнауы үшін cookie файлдарын қолданамыз.
Жарайды
© Барлық құқықтар қорғалған

KZ/RU
© Барлық құқықтар қорғалған

KZ/RU