Сабақтар жасөспірімдердің өздерін сенімдірек сезінуіне көмектеседі, талғамды және өз даралығын айқындай білу қабілетін қалыптастырады. Біртіндеп қыздар өз образдарына саналы түрде қарай бастайды, мінезі мен көңіл күйін көрсететін стильді таңдауды үйренеді.
Make-up үйірмесі мектептің
«Ізгі орта және тұлғаға құрмет» құндылығын жақсы көрсетеді. Біз қыз бала өзін басқалармен салыстырмай, қысымсыз және «басқаша болу керек» деген түсініксіз зерттей алатын кеңістік қалыптастырамыз. Біздің мектепте бала макияжды таңылған стандарттарға сай болудың тәсілі емес, шығармашылық құралы ретінде қабылдауды үйренеді.
«Саналы болу және сыни ойлау» құндылығы арқылы біз жасөспірімдерді өздеріне маңызды сұрақтар қоюға үйретеміз: мен бұл образды не үшін таңдаймын, ол мен туралы не айтады, ол жағдайға сәйкес келе ме, өзімді онда жайлы сезінемін бе, әлеуметтік желідегі трендтерге сыни көзқараспен қарауға баулимыз. Сабақтарда бала ақпаратты талдап, өзіне қауіпсіз әрі дәл өзіне сәйкес келетін нәрсені таңдауды үйренеді.